857

26 мың тонна ресейлік бидайды отандық өнім ретінде экспорттағандар ұсталды

Ресейлік бидайды қазақстандық өнім ретінде экспорттау үшін жалған келісім-шарттар бойынша заңсыз әкелгендер анықталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

26 мың тонна ресейлік бидайды отандық өнім ретінде экспорттағандар ұсталды
smartnews.kz

Алаяқтық схеманы Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті анықтаған.

Күдікті деп танылған азамат 2021-2022 жылдар аралығында 26 мың тонна ресейлік бидайды Орталық Азия елдеріне (Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан) қазақстандық өнім деп жазылған жалған шот-фактуралар арқылы 1 млрд теңгеден астам сомаға экспорттаған.

Осылайша, күдікті жалпы сомасы 460 млн теңгені құрайтын халықаралық транзиттік тариф бойынша тасымалдау төлемдерін төлеуден жалтарған.

Күдіктінің ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталған.