Бағдат Мусин: Астанадағы интернет жылдамдығы Токионы басып озады

Үкімет кулуарында бүгін Бағдат Мусин интернет жылдамдығына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Бағдат Мусин: Астанадағы интернет жылдамдығы Токионы басып озады
kazgazeta.kz

Таңертең Астанада тағы да Kcell операторының жұмысынан ақау шыққан болатын. Бұған қатысты министр үкімет отырысы алдында Қазақтелеком басқарма төрағасы Есекеевке хабарласқанын айтты. Министрдің сөзінше, қазір Елордада Kcell операторы 5G орнатып жатқандықтан, техникалық ақаулар болып тұратынын жеткізді.

Сондай-ақ министр Бағдат Мусин Қазақстандағы интернет сапасына баға берді.

«Speedtest рейтиңіне сүйенейік. Speedtest халықаралық рейтингі бойынша Астана 35 позицияда тұр. Демек біз 35 қаланы басып оздық деген сөз. Олардың қатарында Токио да бар», - дейді Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.