Қарттар мен мүгедектігі бар балаларды қорлаған студенттің ісін арнайы комитет қарайды

25.07.2023, 16:20
770
Қарттар мен мүгедектігі бар балаларды қорлаған студенттің ісін арнайы комитет қарайды smartnews.kz

Елордада пациенттер мен мүгедектігі бар балаларды қорлаған медицина студентінің ісін құқық қорғау органдары тексеріп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Құқық қорғау органдары заң аясында қарап жатыр. Аталған істің мән-жайы медицина университеті жанындағы арнайы комитетте қаралады», - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Министрдің пікірінше, ондай маманға диплом берілмеуі керек.

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық медицина студентінің пациенттер мен мүгедектігі бар балаларды қорлаған еді.

«Іс бүгінде соңғы сатыда. Нәтижелері бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Сонымен қатар, күдіктінің адвокаты материалдармен бір ай бойы танысып жатыр. Бас прокуратурамен байланыстамын, іс менің бақылауымда. Меніңше, мұндай іс-әрекеттер заңның бар қатаңдығымен қарастырылуы керек», - деген еді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды