536

Астанада алғаш рет арбадағы теннистен республикалық чемпионат өтеді

Елордада арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтпек. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Астанада алғаш рет арбадағы теннистен республикалық чемпионат өтеді
smartnews.kz

Арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты тұңғыш рет Астанада өткізілмек. Жарысқа биыл еліміздің 7 өңірінен 40 жуық спортшы қатыспақшы. 

Ерекше чемпионатты өткізудегі мақсат - арбадағы теннис спорт түрін елімізде дамыту, қатысушылар арасында үздік спортшыларды аңықтап, ұлттық құрама сапына іріктеу боп отыр.

Айта кететін дүние, арбадағы теннис елімізде енді дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі. Бұл спорт түрінен алғаш рет Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында 2022 жылы өткен. Чемпионатқа  6 өңірден 20 спортшы қатысқан.