Қазақстандық блогерлер онлайн-жарнаманы таңбалауға міндеттеледі

26.07.2023, 11:02
853
Қазақстандық блогерлер онлайн-жарнаманы таңбалауға міндеттеледі smartnews.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық-жобасын ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Мәлім болғандай, енді блогерлер жариялайтын жарнамалар міндетті таңбалауға жатады.

«Таңбалауға инфлюенсерлер (блогерлермен) коммерциялық және шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнама жатады. Таңбалау оны нақты сәйкестендіру мүмкіндігімен мәтіндік форматта жүзеге асырылады. Таңбалау орналастырылған материалдың жарнама екендігі туралы мәтіндік нұсқауды қамтиды», - делінген бұйрық-жобасында.

Құжатта көрсетілгендей, блогерлер жарнаманы әлеуметтік желілерге жүктеу кезінде оның қандай материал екенін көрсетіп, онда мына мәтіндердің бірін жазуы тиіс:

- «жарнама»;

- «жарнамалық материал»;

- «серіктестік материал»;

- «демеушілік материал»;

- «жарнама құқығында жарияланған»;

- «жарнама құқығында»;

- «демеуші төлеген»;

- «PR құқығында».

Бұйрық 8 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді