523

Абай облысының тұрғыны Атырауда 1,5 мың доза есірткіні заңсыз сақтаған

Атырауда Абай облысының тұрғыны 1,5 мың дана доза есірткі заңсыз сақтау күдігімен ұсталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Абай облысының тұрғыны Атырауда 1,5 мың доза есірткіні заңсыз сақтаған
smartnews.kz

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай облысының 25 жастағы тұрғынының есірткіні заңсыз сақтап келгені анықталған.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, синтетикалық есірткіні сақтаған күдіктіні ұстады. Күдікті – Абай облысының 1998 жылғы тұрғыны. Одан салмағы 487,75 грамдық 1 500 доза есірткі заты тәркіленді. Медициналық сараптама қорытындысымен есірткінің мефедрон екені анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-поцестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.