Еуропа дипломатиясының басшысы Құранның өртелуіне қатысты мәлімдеме жасады

27.07.2023, 09:14
693
Еуропа дипломатиясының басшысы Құранның өртелуіне қатысты мәлімдеме жасады smartnews.kz

Еуропа одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель сәрсенбі күні мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранның өртелуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Еуропалық сыртқы істер қызметінің мәлімдемесінде Еуропадағы мұсылмандарды қорлаған жекелеген тұлғалардың жақында жасаған әрекеттерінен кейін Еуропа Одағы діни өшпенділік пен төзімсіздікке итермелеудің кез келген түріне үзілді-кесілді қарсы екенін тағы да айтады.

«Алуантүрлілікті құрметтеу – Еуропалық Одақтың басты құндылығы. Бұған басқа діни қауымдастықтарды құрметтеу де кіреді», – делінген ЕО сыртқы істер қызметінің мәлімдемесінде.

Еуропа дипломатиясының басшысы Ж.Боррель Құранды немесе қасиетті деп саналатын кез келген кітапты қорлау, құрметтемеу – арандатушылық екенін атап өтті.

«Нәсілшілдік, ксенофобия және соған байланысты төзбеушілік көріністеріне Еуропалық Одақта орын жоқ. Біз шетелде және үйде дін, сенім және сөз бостандығын қорғауды жалғастырамыз. Өзара түсіністік пен сыйластық үшін бірге болатын кез келді. Жеке арандатушылар жүзеге асырған бұл әрекеттер бізді және біздің қоғамымымызды жік-жікке бөлгісі келетіндерге ғана пайда әкеледі», - деді ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды