CaspianEx Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығына мүше болды

27.07.2023, 09:41
588
CaspianEx Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығына мүше болды kabt.kz

CaspianEx криптовалюта биржасы Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының мүшесі болды. Ұйым өкілдері бұл қадам Қазақстанның толыққанды криптоэкожүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтады.

Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының басқарма төрағасы Дәурен Қарашевтың айтуынша, еліміз дәл осы қарқынмен әлемдегі криптонарығы мықты дамыған АҚШ, Қытай, Ұлыбритания сияқты елдермен бір қатарда тұруға үлкен қадам жасап отыр.

CaspianEx – Астана халықаралық қаржы орталығының қатысушысы, цифрлық активтер саудасын жүргізуге, сондай-ақ депозитарлық қызмет көрсетуге лицензиясы бар санаулы биржаның бірі.

Біз нарықтағы осындай ойыншыларға жақсы қараймыз. Олар бізге келсе, бәрімізде ортақ түсінік қалыптасады. Сол арқылы криптобиржада қандай қиындықтар бар екенін жақсы біле түсеміз. Елде криптобиржа дамыса, ол үлкен пайда әкеледі. Өйткені, криптобиржалар майнерлерге қызмет көрсетіп, сәйкесінше комиссиялық пайдасын алады. Ондағы транзакциялар мен түрлі төлемдер бойынша екінші деңгейлі банктер де пайда көреді, - дейді Дәурен Қарашев.

Қауымдастық басшысының айтуынша, екіншіден криптоэкожүйе қалыптасады. Ондай жүйе толық қалыптасқан жағдайда ол фиат ақшаны (қағаз ақша) нарықтан ығыстырып шығарады. Өйткені, фиат ақша жүйесі орталықтандырылғанымен, онда қағазбастылық пен жемқорлық көп. Ал блокчейнде бәрі басқаша – онда ашықтық, жариялылық басым.

Сарапшының сөзінше, Қазақстанның әлемдегі ең үлкен криптобиржасы бар АҚШ, Қытай, Ұлыбританиямен бір қатарда тұруға толық мүмкіндігі бар. Қауымдастық осы қатарға кіру арқылы мемлекетке көмектесе алады.

Біз криптобиржаларға өз ережемізді айтамыз. Соған олар мойынсұнуы керек. Одан соң мемлекет те біздің үнімізді естиді. Нәтижесінде қауымдастық пен криптобиржалардың және мемлекеттің мүддесі бір жерде тоғысады, - дейді қауымдастық басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанда жуық арада қолға алынатын «Цифрлық активтер туралы» заң бойынша, 2024 жылдан бастап майнерлер Астана халықаралық қаржы орталығы алаңында активтерінің 50%-ын, 2025 жылдан бастап 75%-ын сатуға міндетті болады. Сондай қарбалас майнерлер осындай сенімді биржалардың қызметіне жүгіне алады.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)