ҚТЖ Wabtec компаниясының цифрлық жүйелерін енгізуде

27.07.2023, 13:16
843
ҚТЖ Wabtec компаниясының цифрлық жүйелерін енгізуде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да тасымалдау процесінің тиімділігін арттыруға және компанияның жүк тасымалы саласындағы операциялық қызметін жетілдіруге бағытталған Цифрландыру апталығы басталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Апталық аясында ҚТЖ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және Wabtec компаниясының қатысушы қызметтері өкілдерінің кездесулері өтуде. Пойыздар қозғалысын жоспарлауды автоматтандыру, кестелер құру және магистральдық желідегі операцияларды оңтайландыру бойынша цифрлық шешімдер таныстырылды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС темір жол тасымалының тиімділігін арттыру мақсатында ТЭ33А сериялы жүк локомотивтерінің паркін «Рейсті оңтайландырушы» (Trip Optimizer) Wabtec цифрлық жүйесімен жабдықтайды.

Trip Optimizer – контроллер мен динамикалық тежегішті автоматты түрде реттеу арқылы машиниске локомотивті басқаруға көмектесетін ақылды жүйе. Жүйе маршрут пен жүк туралы деректерді талдай отырып, нақты уақыт режимінде оңтайлы жылдамдық режимі мен отын шығынын есептейді. «Trip Optimizer» Цифрлық жүйесін енгізу» жобасы локомотив бригадасының пойызды жүргізу сапасын арттыруға, дайын пойыздарға локомотивтерді қосуды жоспарлауға, зиянды заттардың шығарылуын азайтуға бағытталған. Жобаны іске асыру нәтижелері бойынша сандық және сапалық пайдалану көрсеткіштерін жақсарту, дизель отынын үнемдеу күтілуде.

photo

«Алдағы онжылдықта цифрлық технологиялардың көмегімен олардың операциялық тиімділігін арттыруды жалғастыра отырып, орнықты даму және экологиялық таза технологиялар саласындағы жаһандық деңгейде үлгі ету үшін ҚТЖ-мен ынтымақтасуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Wabtec корпорациясының Ресей/ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша аға вице-президенті Гохан Байхан.

Апталық ҚТЖ-ның елордадағы объектілеріне: Сұрыптау станциясына, локомотив депосына және «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ға сапармен аяқталады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады