Әскерге бармағандарға әскери билет тек цифрлық нұсқада ұсынылады - министрлік

27.07.2023, 17:24
489
Әскерге бармағандарға әскери билет тек цифрлық нұсқада ұсынылады - министрлік smartnews.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерге бармаған азаматтарға әскери билет онлайн форматта ұсынылатынын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Мерзімді әскери міндетін өтемеген азаматтар әскери билеттерді комиссариаттарға барып алудан босатылады. Енді олар қағаз күйінде емес, цифрлық нұсқада ұсынылады. Бұл бюджет қаражатын үнемдейді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді. Мысалы, қазір әскерге бармағандар комиссариаттарға келіп, әскери билеттерін алып кетеді. Сонымен қатар, әскери билеттер жоғалған кезде оларға айыппұл салынады. Сондықтан біз аталған процестердің барлығын алып тастаймыз», - деп түсіндірді Дархан Ахмедиев ОКҚ- өткен брифингінде.

Яғни мерзімді әскери міндетін өткермеген азаматтың жеке кабинетінде оның әскери билеті электрондық нұсқада көрсетіледі. Министрдің орынбасары атап өткендей, қазір бұл ұсынысты іске асыру үшін қазір заңнамаға тиісті өзгеріс енгізу жұмыстары қолға алынған.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты