Отандық фильм Испаниядағы кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына өтті

27.07.2023, 17:56
663
Отандық фильм Испаниядағы кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына өтті Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы

71-інші Сан-Себастьян халықаралық кинофестивалі 22-30 қыркүйек аралығында өтеді. Фестивальде сонымен қатар бүкіл әлем бойынша фильмдерді одан әрі ілгерілету және сату үшін кино мамандарын біріктіретін жыл сайынғы ірі кинобизнес алаңы өтеді.

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген режиссер-дебютант Асхат Кучинчирековтың "Бауырына салу" фильмі Испаниядағы 71-інші Сан-Себастьян Халықаралық кинофестивалінің "Жаңа режиссерлер" байқау бағдарламасына енді.

"Бауырына салу" картинасы қазақтың байырғы дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесіндегі баланың өмірін баяндайды. Әжесі өмірден озғаннан кейін ол ата-анасына оралып, жаңа ортада бейтаныс адамдармен қарым-қатынас орнатуы керек. Фильмнің сценарийін жазған Асхат Кучинчирековтың айтуынша, бұл картина – қазақ халқының салт-дәстүріне деген құрмет.

"Бұл – өте жеке оқиға. Мен әжемнің қолында өстім. Бірақ ең бастысы – ата-анамен қарым-қатынас. Әжесімен бірге өскен балалардың бәрі ешқашан ата-анасын "әке", "ана" деп атамайды. Неліктен? Балалар тастап кеткеніне ренжиді. Фильмнің драмасы сол, ескі отбасынан айырылған кейіпкер әлі де жаңасын таба алады", - дейді режиссер.

"Баск елінің" бұл фестивалі "А" класындағы ең көне кинофестивальдердің бірі және Еуропадағы Канн, Берлин, Венециядан кейінгі төртінші маңызды және испан тілінде сөйлейтін әлемдегі ең маңызды фестиваль болып саналады. Фестиваль бүкіл әлем бойынша көрнекті таланттарды іздеумен және жыл сайын жаңа есімдерді ашумен танымал.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді