Сайрамда санитарлық талапты сақтамаған 3 мал сою орны жабылды

27.07.2023, 18:37
640
Сайрамда санитарлық талапты сақтамаған 3 мал сою орны жабылды smartnews.kz

Сайрам ауданында санитарлық талапты сақтамаған 3 мал сою орны жабылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округінде орналасқан мал бордақылау алаңдары мен мал сою бекеттерінің жұмыстары жаппай тексеріліп жатыр. Жұмыс тобының анықтауымен әзірге санитарлық талаптарды мүлдем сақтамаған 3 мал сою орыны жабылды. Қалған 8 бекеттің басшыларына мал сою алаңдарын заман талабына сай ретке келтіруге 1 ай уақыт берілді.

Осыған дейін Сайрам ауданында жергілікті кәсіпкерлерімен кездескен облыс әкімі Дархан Сатыбалды Қарабұлақ ауылдық округінде орналасқан мал сою орындарының жұмысын қатаң сынға алып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берген болатын. Әкім тарапынан заңсыздықты жойып, ауылдан алыс аумақта зауыттар ашу бойынша ұсыныстар берілді. Нәтижесінде жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен мал сою орындарынан шыққан қанды төгетін Беккари шұңқырын дайындап, инсенератор пештерін орналастыратын болды.

Мәселені түбегейлі шешу үшін облыс әкімі жергілікті кәсіпкерлерге мал қалдықтарын терең өңдейтін зауыттар салуды ұсынған еді. Бүгін Түркістан қаласына келген сайрамдық кәсіпкерлер облыс әкіміне бірнеше ірі жобаны таныстырды. Мәселен, 25 гектар жерге мал бордақылау кешені, мал сою алаңы, етті терең өңдейтін цех құрылысы мен қанды өңдеу кәсіпорнының құрылысы басталады. Сондай-ақ, ет өнімдерін және малдың қалдықтарын терең өңдейтін зауыт салынады.

«Көршілес елден малдың қалдығын терең өңдейтін зауыт ашу жөнінде ұсыныспен келіп жатқан инвесторлар бар. Бірақ, біз алдымен жергілікті кәсіпкерлерге, сіздердің жобаларыңызға қолдау көрсетеміз. Жобаны өзіміздің азаматтардың жүзеге асыруы тиімді. Алайда, бізге нақты жоспар, жұмыстың орындалу мерзімі қажет. Бүгін сіздер ұсынған жобалар бойынша заң шеңберінде қолдау көрсетіледі. Басты мақсатымыз - жұмыс орындарын ашу, өндіріс көлемін арттыру», - деді Дархан Сатыбалды.

Сайрам ауданының Қарабұлақ ауыл округінде екі мал базары бар. Аудан бойынша тәулігіне орта есеппен 3 мыңға жуық мал сойылады.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды