Қазақстандықтар күн сайын цифрлық банкингпен 21,3 млн астам операция жүргізеді

27.07.2023, 19:29
351
Қазақстандықтар күн сайын цифрлық банкингпен 21,3 млн астам операция жүргізеді smartnews.kz

Биылғы І тоқсанда Қазақстан банктерінің төлем карточкасын пайдаланушылар 73,5 трлн теңгеге 5,4 млрд операция жүргізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Қазақстанның төлем карточкалары нарығы өсу динамикасын көрсетіп келеді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан банктері шығарған төлем карточкаларымен 73,5 трлн теңгеге 5,4 млрд операция жүргізілді.

Қолма-қол ақшасыз операциялардың да көлемі өскені байқалады. Жеке тұлғалар Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларымен қолма-қол ақшасыз 62,8 трлн теңгеге 5,3 млрд операция жүргізді. Бұл – 2022 жылғы көрсеткіштен 1,4 есе артық.

Қолма-қол ақшаны шешіп алу операцияларының саны 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 7,6%-ға азайды.

Қолма-қол ақшасыз операциялар жүргізуде интернет-банкинг пен мобильді-банкинг – қазақстандықтар арасында өте жоғары сұранысқа ие тәсіл. Қолма-қол ақшасыз он операцияның тоғызы онлайн режимде жүзеге асырылады.

2023 жылдың 1-жартыжылдығында қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы құрылымындағы онлайн операциялардың үлесі – саны жағынан 73,5%, ал көлемі жағынан 85,8% болды. Күн сайын цифрлық банкинг арқылы орта есеппен 297,7 млрд теңгеден астам сомаға 21,3 миллионнан артық операция жүргізіледі.

2023 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша, белсенді төлем карточкаларының жалпы саны – 36,4 млн бірлік (2022 жылғы маусым айымен салыстырғанда 20,4%-ға көп).

Тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу инфрақұрылымы едәуір кеңейді. Төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 1,8 есе өсті (2023 жылғы маусым айында – 702 482 кәсіпорын).

Кәсіпкерлердегі және банктердегі POS-терминалдардың саны 1,4 есе өсіп, 934,1 мың бірлікке жетті. Нарықтағы 90,7% POS-терминал QR-кодты пайдалану арқылы төлем жасау функциясын қолдайды.

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?