Алматыда оқу жылы басталғанға дейін 100 жаңа автобус қолданысқа беріледі

27.07.2023, 20:50
438
Алматыда оқу жылы басталғанға дейін 100 жаңа автобус қолданысқа беріледі smartnews.kz

Алматыда тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен жайлылықты арттыру үшін оқу жылы басталғанға дейін 100 жаңа автобус қолданысқа беріледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы әкімдігі мәлім еткендей, қазіргі уақытта қалалық автопарк 30 автобуспен толықты, қалған 70-і жақын арада келуі тиіс.

«Бұл автобустар есебінен жылжымалы құрам №37, 38, 38а және 201 маршруттарда жаңартылады. Әрі №24, 125, 131 маршруттарға автобустар қосылады, яғни қолданыстағы маршруттар жаңа автобустармен толығады», - делінеді әкімдіктің хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесулерде 2023 жылы Алматыда қосымша 600 жаңа автобус сатып алынатынын айтқан.

«Қоғамдық көлікті дамыту біз үшін басты басымдықтардың бірі. Халықтың шағымының дені қоғамдық көлік жұмысының сапасына, атап айтқанда, кейбір қолданыстағы маршруттардың жайсыздығына және жоспарлы қозғалыс аралығын сақтамауға қатысты. Сондықтан біз бұл мәселелерді шешуді қолға алып жатырмыз», - деген болатын Ерболат Досаев.

Қалған 500 автобусты сатып алуға шарт жасалды.

Айта кетейік, бүгінгі күні Алматыда барлығы 2000-нан астам автобус, 163 маршрут, 24 тасымалдаушы жұмыс істейді.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді