Биылдан бастап БЖЗҚ-дағы қаржыны туыстардың еміне де жұмсауға болады

28.07.2023, 09:19
1242
Биылдан бастап БЖЗҚ-дағы қаржыны туыстардың еміне де жұмсауға болады smartnews.kz

Қазақстанда зейнетақы қорынан ақша алу ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді. Мәселен, бұдан былай азаматтар зейнетақы жинағындағы қаржысын баспана жағдайын жақсартудан бөлек, жақын туыстарының еміне де жұмсай алады, деп хабарлады 31 арна.

Ал ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтар кәсіптік зейнетақы жарнасын бір реттік төлем кезінде қолдана алмайды. Бұл өзгерістер жаңадан енгізілген әлеуметтік кодексте қарастырылған.

1 шілдеден бастап жаңа әлеуметтік кодекс өз күшіне енді. Осыған сәйкес азаматтардың зейнетақы қорынан ақша алу ережелеріне де өзгерістер енгізілген. Мәселен, ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер бұған дейін міндетті зейнетақы жарнасы мен кәсіптік зейнетақы жарнасын баспана алуға немесе емдеуге жұмсай алатын. Енді бұдан былай біржолғы зейнетақы төлемін алар кезде олардың кәсіптік зейнетақы жарнасы есептелмейді. Демек азаматтар жарнаның бұл түрін үй алуға немесе емге жұмсай алмайды. Есесіне сенімгерлік басқаруға берерде еш кедергі болмайды.

Міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру кезінде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі бұдан былай ескерілмейді. Әлеуметтік кодекс күшіне енген кезден бастап салымшы аталған зейнетақы жинақтарының 50 пайызына дейін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге құқылы, – делінген құжатта.

Сонымен қатар азаматтар біржолғы зейнетақы төлемдерін жақын туыстарының еміне немесе баспана жағдайын жақсартуға жұмсай алады. Жақын туыс санатына ата-ана, туған немесе асырап алған балалар, асырап алушылар, ата-әже және немерелер кіреді. Экономист Меруерт Махмұтова бұл, әсіресе, жалақысы төмен азаматтарға тиімді дейді.

Қатты бір өзгерістер бола қоймайды деп ойлаймын. Алған кісілер алды. Қалғандарда қаржы онша көп емес. Бұрғынғыға қарағанда ақшасын шығарып алатындар ұлғаяды деп айтпас едім. Енді біздің зейнетақы қорындағы көп жылдар жинаған қаржымыз құнсызданып бара жатыр. Былтыр инфляцияның өзі 20%-дан асып кетті. Не де болса, кішкентай қаржылары болса да, сол тіс емдеуді сылтауратып алып алуға тырысады, – деді экономист.

Сондай-ақ сарапшы әу баста зейнетақы қорындағы қаражатты баспана алуға немесе емдеуге жұмсау туралы шешім дұрыс емес дейді. Себебі аз жалақыға күн көретін қарапайым халық зейнетке шыққан кезде табыссыз қалу қаупі бар. Сәйкесінше бұл жоғары жалақы алатын лауазымды тұлғалар мен биліктегі басшылық қызметте жұмыс істейтіндерге ғана тиімді екенін түсіну керек.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді