Еліміздегі көпір құрылыстарының электрондық каталогі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

28.07.2023, 09:55
721
Еліміздегі көпір құрылыстарының электрондық каталогі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі primeminister.kz

Еліміздегі көпір құрылыстарының электрондық каталогын жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР ИИДм баспасөз қызметі.

Қазақстанда автомобиль көпірлерінің цифрлық базасын құру жұмыстары жалғасуда. Осылайша «Көпірлерді пайдалануды басқару жүйесі» (СУЭМ) республикадағы инженерлік құрылыстар туралы ақпаратты жүйелеп, электрондық форматқа аударуға арналып отыр.

Бүгінгі таңда бағдарламаның прототипі жасалып, жүйені толтыру үрдісі басталып кеткен. Қазіргі кезеңде электрондық базаға Ақмола, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарындағы 20 көпірді зерттеу нәтижелері енгізу жоспарда бар.

«Бағдарламаның алгоритмдерін сынау мақсатында жағдайы нашар автомобиль көпірлері таңдалды. Жүйе толығымен дайын болған соң сарапшылар қалған нысандар туралы ақпаратты енгізе бастайды. Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарда жалпы 1,5 мыңға жуық көпір құрылысы бар. Олардың барлығы кейіннен цифрландырылатын болады. Біз аталған жүйені биыл желтоқсанда іске қосуды жоспарлап отырмыз», деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ Автожолдар және көпір құрылыстары департаментінің бас маманы Қайсар Шалқар.

Оның айтуынша, жол пайдаланушыларына әрбір құрылыс туралы барлық қажетті дерек, оның ішінде жобалау-техникалық сипаттамалары, техникалық жай-күйін бағалау, анықталған деформациялар мен жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы өзекті мәліметтер қолжетімді болады.

Бұл жоба көпір конструкциясы элементтерінің жай-күйімен егжей-тегжейлі танысу мүмкіндігімен көпірлердің цифрланған сыртқы түрін сипаттайды. Бағдарлама авторлары 3D бейне түсіруді арнайы дрондардың көмегімен жүргізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар СУЭМ әр объект бойынша есептерді автоматты түрде қалыптастыру мүмкіндігіне ие бола отырып, регламенттік немесе күрделі жөндеу мерзімдерінің жақындауы туралы, сондай-ақ осындай жұмыстардың бюджетін жоспарлай алады.

Электрондық каталог сияқты заманауи цифрлық сервис бірқатар міндетті тиімді шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бұл шара мұрағаттардағы деректердің бытыраңқылығы мен тәртіпсіздігі, құжаттардың жоғалуы сынды мәселелердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге бұл электрондық жүйе мемлекеттік органдар, жол пайдаланушылар, жол-құрылыс және жобалау ұйымдары, сондай-ақ габаритті емес жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік компаниялары жиі талап ететін ақпаратты іздеу үрдісін жеңілдетеді және олармен жасалатын жұмысты айтарлықтай жеделдетеді.

Өз кезегінде ақауларды уақтылы байқау және оларды жою мүмкіндігі көпірлерді күтіп ұстау шығындарын азайтуға және апаттар мен төтенше жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды