Жасанды интеллект қазақша түсінеді

28.07.2023, 15:55
1415
Жасанды интеллект қазақша түсінеді «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы баспасөз қызметі

Бүгін Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай мен «Speech Lab» ЖШС директоры Жұлдыз Татагулова бірнеше айдан бері жүргізіліп келе жатқан келіссөздердің нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Speech Lab» - жасанды интеллектіні еліміздің аудиториясына бейімдеу бойынша үлкен бастамаларды жүзеге асырып келе жатқан компания.

Аталған компания мен «Тіл-Қазына» орталығы қазақ тілін тануға қабілетті жасанды интеллектіні және сөйлеу синтезін дамытуға бірлесе күш салады. Бұл – қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру бойынша атқарылып жатқан ең үлкен қадамдардың бірі. Демек, болашақта «Siri», «Алиса» сынды дыбыс көмекшілері қазақ тілінде айтылған барлық ақпаратты сапалы өңдеп, талдай алады. Бастама жүзеге асқаннан кейін мұны мемлекеттік мекемелер мен бизнес саласында да кеңінен қолдануға болады. Бұл қызмет көрсету саласын оңтайландыруға, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мұндай үлкен жобаның сәтті жүзеге асуы үшін аса үлкен көлемдегі сапалы контент қажет. Сәйкесінше, мұндай ауқымды контентпен қамтамасыз ету міндетін «Тіл-Қазына» орталығы жүзеге асырады.

photo
Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады