Президент кубогы: Михаил Кукушкин жартылай финалдан тыс қалды

28.07.2023, 18:11
499
Президент кубогы: Михаил Кукушкин жартылай финалдан тыс қалды ktf.kz

Қазақстандық, әлемнің 229-ракеткасы Михаил Кукушкин елордада Президент кубогы үшін өтіп жатқан челленджер турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 570-сатыдағы ресейлік Евгений Карловскиймен ойнады.

Бірінші партияда брейк жасаған ресейлік спортшы сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4. Екіншісінде М.Кукушкин дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:4. Алайда шешуші, үшінші сетте Е.Карловский тың көрінді – 6:2.

Екі сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында М.Кукушкин 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін ғана өз есебіне жазды. Қарсыласы 3 эйс, 4 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Астана додасында жартылай финалға шыққан барлық теннисшілер анықталды. Е.Карловский рейтингте 550-орындағы өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен шеберлік байқасады. Ал қазақстандық Денис Евсеевтің қарсыласы – түркиялық Янки Эрель.

Д.Евсеев жұптық сында да жарысты жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Гамбург турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Александр Недовесов Хорватиядағы жарыстың жартылай финалына шыға алмады.

Президент кубогында Денис Евсеев жартылай финалға жолдама алды.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)