Түркістан облысының диқандары тұқымы Түркиядан жеткізілген элиталы мақта өсіріп жатыр

28.07.2023, 20:57
932
Түркістан облысының диқандары тұқымы Түркиядан жеткізілген элиталы мақта өсіріп жатыр smartnews.kz

Түркістан облысына Түркиядан элиталы мақта тұқымдары жеткізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мақташылармен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Түркістан облысының климаты жылы болғандықтан ірі өндірістік кәсіпорындарға қарағанда ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамыған аймақ. Соның ішінде мақтаның орны бөлек.

Биыл шитті мақта сапасын жақсарту мақсатында Түркістан облысы мен Түркия мемлекеті арасында ынтымақтастық орнатылып, өнімділігі жоғары сапалы мақта тұқымын импорттауға мүмкіндік туды. Нәтижесінде, Түркия елінен 248,2 тонна элиталық тұқым, Өзбекстан мемлекетінен 967,5 тонна тұқым жеткізілді.

«Мақта мәселесі жыл он екі ай күн тәртібінен түскен емес. Бағаны көтеру, субсидия беру, терең өңдеу кәсіпорындарын ашу сынды шаруалардың ұсыныс-тілектері облыс әкімдігінің басты назарында. Агроқұрылымдардың сатып алған тұқымының құнын арзандатуға биылғы жылы 600,0 млн теңге қаржы бөлініп, мақта шаруашылықтарына 150,0 млн теңге қаржы төлеу жоспарланып отыр», - деді Ермек Кенжеханұлы.

Өткен жылы Түркиядан 105 тонна элита, Өзбекстаннан 423 тонна екінші көбейтілген тұқым импортталып егіске пайдаланылған. Ал биыл бұл көрсеткіш екі есе артып отыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды