FlyArystan әуе компаниясы Түркістан – Астана рейсін 15 сағатқа кешіктіріп жатыр

29.07.2023, 11:47
744
FlyArystan әуе компаниясы Түркістан – Астана рейсін 15 сағатқа кешіктіріп жатыр baigenews.kz

FlyArystan әуекомпаниясының Түркістан-Астана рейсі 15 сағаттан астам уақытқа кешіктіріледі. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

FlyArystan әуе компаниясы хабарламасында, 29 шілдеде сағат 00.55–те ұшуы тиіс Түркістан-Астана X7362 рейсі өндірістік қажеттілік бойынша кешіктірілетіні айтылған. Ұшу уақыты 29 шілдеде сағат 16.30-ға ауыстырылған.

Әуе тасымалдаушы рейс жолаушыларына сусындармен, ыстық тамақпен, телефонмен қамтамасыз етуді қоса алғанда, барынша қолдау көрсетуге уәде беріп отыр. 

- Күндізгі уақытта сегіз сағаттан артық, ал түнде алты сағаттан артық кешіктірілсе, жолаушылар тұрғылықты жер сұрауға, сондай-ақ тұрғылықты жеріне дейінгі және кері тасымалдауды сұрай алады. Барлық сұрақтар бойынша жолаушылардан FlyArystan өкілдеріне хабарласуды сұраймыз, - деп кеңес берді компания.

Еске сала кетсек, ұшу бес сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушылар орын болған жағдайда жақын арадағы рейске бір тегін қайта брондауды таңдай алады немесе ақшаны толық қайтаруды жүзеге асыра алады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады