717

Астананың дизайн кодын бұзған жарнамалар алынып жатыр

Елорданың келбеті дизайн код бойынша ретке келтіріледі. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Астананың дизайн кодын бұзған жарнамалар алынып жатыр
gov.kz

Астана әкімдігінің ресми сайты берген ақпаратқа сәйкес, Нұра ауданында 6 тұрғын үй кешенінен қаланың келбетін бұзатын 60-тан астам маңдайша мен сыртқы жарнама алынып тасталған. Себебі олардың бәрі 2019 жылы бекітілген Астана дизайн кодына сәйкес емес боп шықты.

- Кәсіпкерлерге дизайн код бойынша қиын талаптар қойылған жоқ. Ең бастысы, белгілер ғимараттың қасбетіне бейімделуі керек және визуалды шу тудырмауы керек. Қала үлкейіп, дамып келеді және оның біртұтас келбеті болуы тиіс, – деп атап өтті Нұра ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Әлия Әбсеметова.

Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, орталық көшелер бойында орналасқан тағы 4 тұрғын үй кешені кезекте тұр. Бірте-бірте аудандағы белгілер мен жарнамалардың бәрі ретке келтірілмек.

Еске сала кетсек, Астанада қала келбетін дизайн кодқа сәйкестендіру бойынша жұмыс белсенді түрде жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 1500-ден астам заңсыз орнатылған белгі мен жарнамалық баннер мониторинг нәтижесінде алынып тасталды.

Материал авторы