Астанада Antares қаржы пирамидасын құрғандарға үкім шықты

29.07.2023, 16:59
417
Астанада Antares қаржы пирамидасын құрғандарға үкім шықты smartnews.kz

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Antares қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық еткендерге үкім шығарды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Сот үкімімен Б. және И. есімді адамдар қаржы пирамидасын құрғаны үшін және оған басшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 2-тармағының 3-бөлігі).

Б. 6 жыл 6 айға, ал И. қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», - делінген қалалық сот хабарламасында.

Сот 2020 жылдың мамыры мен 2021 жылдың шілдесі аралығында Б. және И. басқа адамдармен бірге Antares қаржы пирамидасын құрғанын, басқарғанын сондай-ақ сотталушылар жалпы сомасы 200 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде тұрғындар қаражатын тартқанын анықтады.

Іс бойынша Қазақстанның түрлі қалаларының 33 тұрғыны жәбірленуші деп танылды.

«Сотталғандардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, аудиторлық есеп пен сараптама қорытындыларымен, шарттармен және жәбірленушілердің қаржы пирамидасына ақша салғанын растайтын басқа да құжаттармен дәлелденді», - деп қорытындылады сот.

«Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды