1927

Түркістан облысында 10 жыл бұрын басталған тоннельдің құрылысы биыл аяқталады

Түркістан облысының Түлкібас ауданында 10 жылдан бері салынып жатқан тоннельдің құрылысы биыл аяқталады. Бұл туралы Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Түркістан облысында 10 жыл бұрын басталған тоннельдің құрылысы биыл аяқталады
Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының бойында салынып жатқан жерасты тоннелінің құрылысы 2013 жылы басталған болатын. Жобаның жалпы құны – 8,5 млрд теңге. Тоннельдің ұзындығы – 840, ені – 13 метр. Жоспарға сәйкес, ауқымды жерасты тоннелінің құрылысы 2023 жылдың қараша айында толық аяқталып, ел игілігіне берілмек.

«Бүгінгі күні бұрғылау-жару жұмыстары мен монолитті бетон құрылысы толығымен аяқталды. Жол төсемі мен дренажды құрылғы үшін дайындық жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда электр жарығымен қамту жұмыстары атқарылып жатыр», - деді Нұржан Ізтілеуов.

photo