Астанадағы прокуратура мемлекетке 1 млрд-тан астам қаржыны қайтарды
Астана қаласының прокуратурасы мемлекеттік бюджетке заңсыз қаражаттарды қайтарды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Елорда прокуратурасы мемлекет пайдасына шығарылған сот актілерінің орындалуына талдау жүргізген.
- Прокурорлық қадағалау актісін енгізу нәтижесімен сотталғанға тиесілі жалпы бағасы 1 млрд. 62 млн. теңге құрайтын 5 жер учаскелерін өндіру арқылы келтірілген шығын мемлекет пайдасына өтелді, - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Прокуратураның қабылдаған шараларымен қылмыс жолымен табылған сотталғанның мүлкін мемлекет пайдасына өндіру арқылы сот үкімі орындалған.