Қазақстан «Талибанды» тыйым салынған қозғалыстар тізімінен алып тастай ма

31.07.2023, 17:34
803
Қазақстан «Талибанды» тыйым салынған қозғалыстар тізімінен алып тастай ма smartnews.kz

Елімізде «Талибан» қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бұл мәселені халықаралық қоғамдастық, біздің серіктестеріміз, әріптестеріміз үйлестіреді. Әзірше қазіргі уақытта тиісті кеңестер өткізіп жатырмыз және уақ-уақ ақпаратты жаңартып отырамыз», - деді министр орынбасары елордада өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, алдағы уақытта Астанада өтетін Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумына әлем елдерінің санкция тізіміне енбеген қонақтар келеді.

Сондықтан оларға қандай да бір шектеу шаралары қолданылмайды. Бұған қоса, форумға келушілердің басым бөлігі - іскерлік орта өкілдері, яғни қарапайым адамдар.

«Сондай-ақ «Талибан» қозғалысы АҚШ, Ұлыбритания сынды батыстың ірі елдерінің террористік ұйымдарға қатысты ұлттық тізіміне кірмейді. Бұл аталған елдерге «Талибанмен» түрлі деңгейде байланыс жасауға мүмкіндік береді. «Талибан» қозғалысы өкілдерімен келіссөз жүргізіліп жатқан Доха алаңы бәріне белгілі. Сондықтан бұл мәселеге заң тұрғысынан келуіміз керек. Демек, біз қандай да бір халықаралық норманы бұзып отырған жоқпыз», - деді Қанат Тумыш.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды