Мобильді аударым арқылы ақы алған кәсіпкерлерге 172 мың теңгеге дейін айыппұл бар

31.07.2023, 17:41
713
Мобильді аударым арқылы ақы алған кәсіпкерлерге 172 мың теңгеге дейін айыппұл бар smartnews.kz

Қазір кейбір кәсіпкерлер банкте ашылған жеке шотына сатылған тауар, қызметтер үшін мобильді аударым арқылы ақы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-касса машинасы мен POS-терминал қолданбай, тиісінше чек берілмей жүргізіледі. Бұл - ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген заң бұзушылық, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қайтадан заң бұзу кезінде салық төлеушінің субъектіне қарай салынатын айыппұл - 15-тен 50 АЕК-ке дейін.

Қазақстан Конституциясына сәйкес салық төлеу - әркімнің міндеті.

Салық органдары заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында тиісті бақылау жүргізеді.

2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді бере бастайды.

Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударым алған азаматтар бақылауға алынады.

БКМ қолдануды жеңілдету үшін 2022 жылдан бастап БКМ функцияларын екінші деңгейдегі банктердің POS-терминалымен біріктіру бойынша пилоттық жоба іске асып жатыр.

Бұл БКМ мен POS-терминалдың бір чегін беруге мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаға «Каспий банк» АҚ, «Халық банк» АҚ және «Банкцентркредит» АҚ қатысуда.

Сонымен қатар, БКМ чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау – Чек талап ет» акциясы өтіп жатыр.

Анықталған бұзушылықтар жайында «Wipon cashback» тегін мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады.

«Жоғарыда аталған өзгерістер адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғанына назар аударамыз. Яғни, жеке тұлғалар, бұрынғыдай, өздерінің жеке мақсаттары үшін - туыстарына, достарына, ата-аналары мен балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға арналған аударымдарды жасай алады және қабылдай алады» деп хабарлады мемкірістер комитеті.

Негізінен салық органдары бизнесті заңды жүргізу үшін бүкіл қолайлы жағдай жасады, салық мөлшерлемесі төмен режимдерді қарастырды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды