Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев енді «TTC» директорлар кеңесін басқарады
Экс-президенттің немере жиені Транстелеком директорлар кеңесін басқаратын болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
«Транстелеком» АҚ – Қазақстандағы ірі байланыс операторы. Компания жергілікті, қалааралық және халықаралық деңгейде телекоммуникация қызметтерін ұсынумен айналысады.
2021 жылы Транстелекомның 75%-ы Нұрәлі Әлиевке тиесілі Unit Telecom компаниясына берілген еді. Кейін бұған қатысты мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи пікір білдірді. Оның айтуынша, жылдық табысы 80-90 миллиард теңгені құрайды. Ал компанияны Әлиев небәрі 18 миллиард теңгеге сатып алған.