Әйелі қызғанған: Шымкентте полиция қызметкері бірге түскен суреттерін желіге салған тұрғынды ұрып-соққан

01.08.2023, 13:08
4044
Әйелі қызғанған: Шымкентте полиция қызметкері бірге түскен суреттерін желіге салған тұрғынды ұрып-соққан stan.kz

Шымкент тұрғынын туған күніндегі суреттерді желіге салғаны үшін полиция қызметкері ұрып-соққан. Айтуынша оның бұл суреттерін полицейдің әйелі желіден көріп, қызғанып, отбасылық жанжал шығарған. Ал соның есесін құқық қорғаушы қызметкер тұрғыннан алып, тіпті оны қызметтік көлікпен қаққан. Бұл туралы smartnews.kz сайты Otyrar порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдің айтуынша, маусым айында полиция қызметкері туысымен бірігіп, жұмыс орнында оны қатты соққыға жыққан. Шабуылдан кейін учаскелік полиция қызметкері оны қызметтік көлікпен әдейі қағып кеткен.

"Бәрі Instagram желісінен басталды. Мен оның әйелін танымаймын. Ол менің Instagram парақшама жалған аккаунтпен жазылған екен. Жақында менің туған күнім болған. Желіде онымен бірге түскен суреттер салынды. Бірақ бұл суреттерде одан да басқа бірнеше ер адамдар болды. Әйелі соны көрген екен. Сонда отбасылық жанжалдары үшін мені көлікпен қағу керек пе?” – деді жәбірленуші.

Оқиғадан кейін ол полицияға арыз жазған. Іс "Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру" әкімшілік бабы бойынша қозғалған. Тұрғынның сөзінше, сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Тіпті кешірім сұрамай, мысқылдап қана отырған екен.

"Сот отырысында бұрмалауларды естіп мүлде таң қалдым. Ол өзін мені қоңырау шалып шақырып алды деп айтты. Бұл жағдайдан қалай шығуға болатынын заңгерлермен әбден кеңескені көрініп тұр. Өйткені осының бәрі орын алған күні маған оның полиция бөліміндегі басшылығы келіп, арыз жазбауымды өтінген еді. Себебі мен арыздансам олардың қызметіне кір келеді ", – деді ол.

Жәбірленуші жанжалға полицейдің әйелінің қызғанышы себеп болуы мүмкін деп күдіктенеді. Адвокат Әлімжан Сартбай бұл істе сәйкессіздіктер көп екенін айтады. Ол полиция бөлімінің басшылығына жүгінді. Алайда, әзірге нақты нәтиже жоқ. Ал учаскелік полиция қызметкері әлі де қызметте.

"Қақтығыстың неден туындағаны маңызды емес. Өйткені кез келген Қазақстан азаматының қорғануға құқығы бар. Бүгін полиция қызметкерінің неліктен оны ұрып-соққанын, содан кейін қызметтік көлікте бұл әйел мен тағы бір ер адамды неліктен қағып кеткенін түсіну керек. Біздің өтінішімізден кейін бір ғана куәгерден жауап алынды", -  еді жәбірленушінің адвокаты.

Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Тергеу құпиясына сілтеме жасай отырып, ведомствода не себепті жанжал болғаны айтылмады.

"Қазіргі таңда азаматтың өтініші бойынша Еңбекші аудандық полиция бөлімінің полицейіне қатысты Шымкент қалалық ОҚБК қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Бұл факті полиция департаменті басшылығының бақылауында", – делінген хабарламада.

Жәбірленуші материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етпейді. Тек іс бойынша әділдік пен шынайы тергеуді қалайды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)