761

Үкімет Қонаев қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспарын бекітті

Үкімет бұрынғы Қапшағай деп аталған Қонаев қаласының бас жоспарын бекітті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Үкімет Қонаев қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспарын бекітті
smartnews.kz

Жоспарға сәйкес қалада білім беру мекемелерінің саны екі есеге өспек. 27 жыл ішінде 2 538,2 мың шаршы метр аумақта тұрғын үй салынбақшы.

Сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін емханалар мен жедел жәрдем станцияларын да көбейту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, логистика жөнінен қала уақыт өте келе Алматы облысының орталық көлік-логистикалық нүктесіне айналуы тиіс деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, Қонаев 2022 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысының орталығы боп бекітілген. Мұнда шамамен 54 мың адам тұрады. Қаланың жалпы ауданы — 56,03 ш.м.