588

Америкадан келген қонақтар Маржан Арапбаеваға ерекше алқа тарту етті

Отандық әнші Маржан Арапбаева керемет сыйлыққа ие болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Америкадан келген қонақтар Маржан Арапбаеваға ерекше алқа тарту етті
Бейнежазбадан

Америкадан келген қонақтар әншінің мойнына маржан моншақ тақты. 

“Достар қараңыздаршы, қандай әдемі. Көп рахмет! Көзімнің қарашығындай сақтаймын. Ең үлкен, салатанатты концерттерге тағып барамын. Сен Маржансың ғой. Сол себепті маржан алып келдім дейді Наталья. Америкадан әкелген осындай сыйлыққа ие болдым. Мұндай тіпті Дженнифер Лопесте жоқ”, – дейді өнер иесі.

Айта кетейік, Маржан Арапбаева Америкадан келген қонақтардың қуанышына ат салысып, туған күнінде өнер көрсеткен еді.