Алматы облысында акциздік төлемсіз астыртын сату үшін сақталған темекі өнімдері анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті 2 млн аса шетелдік темекі қораптары сақталған қойманы әшкереледі.
Тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 млрд теңгені, ал төленбеген акциз соммасы 580 млн теңгені құрайтыны мәлім болды.
Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғандығына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылды.