Шымкенттік білім басқармасының жемқор шенділеріне 36 млн теңге айыппұл салынды

02.08.2023, 10:03
1258
Шымкенттік білім басқармасының жемқор шенділеріне 36 млн теңге айыппұл салынды egemen.kz

Үшінші мегаполистің білім саласындағы лауазымды тұлғалары жүйелі жемқорлық қылмыстар үшін сотталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Жемқорлық фактісі бойынша қылмысы үшін А. Шиндаулов пен М. Мейірбековке 36 млн теңге көлемінде айыппұл салуға сотталды.

Аталған адамдар субсидиялау шарттарына кедергісіз қол қойғаны үшін 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі сомада мектепке дейінгі мекемелердің басшыларынан жүйелі негізде пара алып отырған.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Десе де, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ Департамент білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында бюджет қаражатын жымқыру схемасын анықтаған. Мәселен, екі қалалық мектептің бухгалтері 2020-2023 жылдар кезеңінде өзінің жеке шотына мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорына бөлінген 67 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударған.

Антикордың хабарынша, ақша жымқыру ісінде осыған ұқсас схемасы №2 мектепте қолданылған. Онда 6 жылдан астам уақыт бойы директор, бас менеджер және бас бухгалтер бірлесіп жұмыс істеген.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды