Биыл елдегі қытайлық импорт тауар көлемі $5,9 млрд шарықтады
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы жайында smartnews.kz сайты хабарлайды.
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы еселеп өсіп келеді. Биылғы көрсеткіш 10,7 млрд АҚШ долларын құраса, бұл бір жыл бұрынғыдан 21,6%-ға артық.
Тауар айналымының басым бөлігін экспорт құрап, бір жылда 4,1%-ға азайып, 4,9 млрд долларды құрады. Жалпы, ел экспортында Қазақстаннан Қытайға экспорттың үлесі 15,4%-ды құрады. Импорт 56,3%-ға, 5,9 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Елдің импорт құрылымындағы Қытайдың үлесі 24,2% құрады.
Шикі мұнай мен мұнай өнімдері Қазақстаннан Қытайға жасалатын экспорттың негізгі бөлігін құрады: 1,3 млрд доллар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,4%-ға аз. Екінші қатарда тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары, үшінші орында – бейорганикалық химия өнімдері.
Сондай-ақ Finprom басылымының берген ақпаратына сәйкес, Қытайдан келетін киім-кешек пен трикотаж бұйымдарын импорттауға барынша қызығушылық танытып отыр: 441 млн доллар, былтырғыдан 4,4 есе көп.
Биылғы жылдың маусым айында Қазақстанда Қытайдың қатысуымен 2,1 мың компания жұмыс істеген, бұл бір жыл бұрынғыдан 37%-ға артық.