787

Тайыншадағы шошқа фермасында төрт адам қайтыс болды

Жұмысшылардың мәйіті кәріз құдығының түбінен табылған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Тайыншадағы шошқа фермасында төрт адам қайтыс болды
polisia.kz

1 тамыз сағат 23:25-те СҚО Тайынша ауданының полиция бөліміне Новоивановка ауылында орналасқан шошқа өсіру кешеніндегі жұмыс орнынан ауысым аяқталған соң төрт жұмысшы шықпағаны туралы хабар келген.

Іздестіру шаралары барысында олардың денелері кешендегі кәріз құдығының түбінен табылған. Алдын ала анықталғандай, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар 8 метр тереңдіктегі кәріз шұңқырынан шықпай қалған. Белгілі болғандай, олар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған. Олардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Аталған факті ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі “Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сараптамалар тағайындалған.