837

Қарағанды облысында қылмыскер түрмеден қашып кетпекші болды

Әкімшілік ғимараттың бірінде жұмыс істеп жүрген қашқын қылмыскер ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қарағанды облысында қылмыскер түрмеден қашып кетпекші болды
polisia.kz

Қылмыскер ҚР ҚАК 119 және 136-баптарына сәйкес сотталған мекеменің күзетілетін аумағында орналасқан объектіде жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан.

31 шілде №31 мекеменің (қауіпсіздігі орташа) әкімшілік ғимаратының аумағында жұмыс істеп жүрген сотталған қашып кеткен. Бірнеше сағат ішінде қашып кеткен сотталғанды жедел қызметкерлер ұстап алған.

Қарағанды облысының ПД ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеруді бастады.

Полиция дерегінше, 29 жастағы ер адам бұрын ұрлық және көлік ұрлағаны үшін жалпы 4 жылға бас бостандығынан айырылған.