Елімізде халық саны 19,8 миллион адамға жетті
Еліміздің демографиясы қарыштап өсіп келеді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Қазақстанда жалпы 6,6 мың мигрант бар. Қала тұрғындары 12,3 млн болса, ауылдық жерде 7,5 млн адам тұрып жатыр.
Ұлттық статистика бюросы берген мәлімет бойынша, елдегі қазақтар жалпы халықтың 70,6% пайызын құрайды. Орыстар – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%.
Халық саны жөнінен Алматы қаласы бірінші орында. Мұнда 2,1 миллион адам тұрады. Одан бөлек тізімде Астана (1,3 млн) мен Шымкент (1,2 млн) қаласы тұр.