FlyArystan Астана әуежайында бүлік шығарған әйелді қара тізімге қосты

02.08.2023, 17:23
1101
FlyArystan Астана әуежайында бүлік шығарған әйелді қара тізімге қосты informburo.kz

Рейске кешігіп келіп, шу шығарған әйелге қатысты компания пікір білдірді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

23 шілдеде суреттегі әйел Астанадан Шымкентке ұшатын FlyArystan рейсіне кешігіп келді. Оны бортқа жіберуді талап етіп, әйел әдепсіз сөйлеп, авиакомпания қызметкеріне шабуыл жасаған.

Жолаушы кешіккені үшін рейске қабылдаудан бас тартқан соң тіркеу үстелінде FlyArystan қызметкерлеріне ауыр заттарды лақтыра бастады. Жолаушы өзін агрессивті ұстап, балағат сөздер айтты. Авиакомпания қызметкеріне ауыр зиян келтірді, - деп хабарлайды авиакомпанияның баспасөз қызметі. 

FlyArystan әуе компаниясы бүлік шығарған жолаушыны жауапқа тартпақшы. Дәлірек айтқанда әйел компанияның қара тізіміне енді.

Біздің қызметкерлер қауіпсіз жұмыс ортасына лайық. Біз үрыс-керіс пен қорлық көрсетуді қабылдамаймыз. Неліктен 170 жолаушы бір кешіккен адамды күтуі керек? Біз бұл жолаушыны толық жауапкершілікке тарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Жолаушы енді біздің қызметтерімізді ешқашан пайдалана алмайды, - деп түсіндірді FlyArystan басқарушы директоры Адриан Хамильтон-Маннс.

Компания рейске уақтылы келу ережесі мен мерзімдері Қазақстан заңнамасымен бекітілгенін еске салды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды