АҚШ пен Қытай 2030 жылдары ғарыштық тепе-теңдікке қол жеткізеді

АҚШ пен Қытай 2030 жылдары ғарыштық тепе-теңдікке қол жеткізуі мүмкін. Бұл туралы smartnews.kz сайты РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ пен Қытай 2030 жылдары ғарыштық тепе-теңдікке қол жеткізеді
stan.kz

Болжамды Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының ғылыми директоры, академик Лев Зеленый айтты.

"2030-шы жылдардың ортасында немесе соңында Қытай өзінің ғарыш кеңістігіндегі орнын нақтыламақ. Олар қазірдің өзіңде Америка Құрама Штаттарымен бәсекелесе алатын деңгейге жетуде", - деді маман.

Оның айтуынша, космонавтиканың барлық салаларында тараптар арасындағы толық теңдікке бірден қол жеткізу екіталай. Өйткені бір саладағы қарсыласты басып озып, басқа салада одан жеңілуге ​​болады.

"Олимпиадада спорттың әр түрі бойынша жарыстар өтеді. Бірақ ұпай саны жинақталатын командалық классификация бар", - деді академик.

Академик қазіргі уақытта Қытай астронавтика саласында Ресейді басып озғанын айтты.