Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталған арнайы «Zhas project» гранты бөлінеді

03.08.2023, 15:12
773
Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталған арнайы «Zhas project» гранты бөлінеді «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп үкіметтік емес ұйымдарға арналған 2023 жылға «Zhas Project» мемлекеттік гранттарын ұсыну жөніндегі конкурсты жариялады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Конкурстың басты мақсаты жастардың өзекті мәселелерін шешуге, жастарды қәсіби және кәсіпкерлік қабілетін арттыру болып табылады.

Егер 2022 жылы Zhas project жобасы Ақмола, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жүзеге асырылса, 2023 жылы еліміздің барлық аймақтары қамтылып 18-35 жас аралығындағы азаматтарға 280 шағын грант бөлінеді. Ауыл жастарының, NEET жастарының және әлеуметтік осал топтағы жастардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға ерекше назар аударылатынын айта кеткен жөн.

Жоба аясында білікті жаттықтырушыларды, тәлімгерлерді, психологтарды және әлеуметтік жобаларды іске асыру, ілгерілету және дамыту жөніндегі мамандарды шақыра отырып, шағын гранттарды іске асыру кезеңінде жастарды заңдық және консультативтік тұрғыдан қолдауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету жоспарланған.

Байқауға қатысу үшін өтінімдер 14 тамыз Астана уақыты бойынша сағат 18.30-ға дейін қабылданады.

Жоба жайлы қосымша ақпаратты www.cics.kz сайтынан алуға болады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді