Алматыда веложарысқа байланысты кейбір жолдар жабылады

03.08.2023, 17:46
454
Алматыда веложарысқа байланысты кейбір жолдар жабылады Tour of World Class Almaty ұйымдастыру комитеті

Алматыда 6 тамыз күні әуесқой велосипедшілерге арналған Tour of World Class Almaty веложарысы өтеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Веложарыс «ALMATY ARENA» көпфункционалды кешенінің аумағынан басталады.

Tour of World Class Almaty ұйымдастыру комитеті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына веложарыс күні жарыс өтетін жерлердегі жол бөліктерінде қозғалыс ішінара жабылатынын хабарлады.

Көлік қозғалысы мына көшелерде шектеледі:

Момышұлы көшесінен Доспанова көшесіне дейінгі ALMATY ARENA-ға іргелес жолдың қысқа бөлігі 6 тамызда сағат 02:30-дан 17:30-ға дейін екі бағытқа да жабылады.

Доспанова көшесімен айналма жолдан Аднан Мендерес көшесіне дейінгі қозғалыс екі бағытта да сағат 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.

Момышұлы көшесі бойынша Аднан Мендерес көшесінен Мөңке Би көшесіне дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.

Момышұлы көшесінен Мөңке би көшесі бойымен Момышұлы көшесінің жалғасына дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.

Момышұлы көшесі бойынша Мөңке Би көшесінен Үлкен Алматы каналы бойы көшесіне дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.

ҮАК бойы көшесіндегі Момышұлы көшесі бойымен Экологиялық бекетке дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.

Индустриялық аймақтың айналасындағы қозғалыс 06:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.

«Деректер веложарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілді. Жолдардың жабылуын ескере отырып, оңтайлы маршрутты табу үшін 2GIS қосымшасын пайдалана аласыз. Іс-шара өтетін күні қоғамдық көлік қүнделікті режимде жұмыс істейді және оған жеке жолақ бөлінеді», - деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Жарысқа қатысушылар жетістіктері мен табандылығын білдіретін медальдармен марапатталады. Абсолютті санатта 48,5 шақырым қашықтықта ерлер мен әйелдер арасындағы ең жылдам спортшылар тек құрметті атаққа ғана емес, ақшалай сыйлықтарға да ие болады:

Бірінші орын – 100 000 теңге, екінші орын – 80 000 теңге және үшінші орын – 60 000 теңге. Әр түрлі жас санаттарындағы 48,5 шақырым, 33,5 шақырым және 14 шақырым қашықтықтағы жеңімпаздар серіктестердің медаль және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Жарыс уақыты:

6:00 – 48.5 км тасжол велосипедтері

6:05 – 33.5 км тасжол велосипедтері

6:11 – 33.5 МТБ велосипедтері

9:10 – 14 км балалар қашықтығы.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды