«Тек шашы қалған»: Мекемтас Мырзахметов қарындасын қасқыр жеп қойғанын айтты (ВИДЕО)

04.08.2023, 09:46
863
«Тек шашы қалған»: Мекемтас Мырзахметов қарындасын қасқыр жеп қойғанын айтты (ВИДЕО) adebiportal.kz

Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметов Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы «Тұлға» деректі фильмінде ашаршылық жылдары басынан өткізген оқиғасын айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты «Halyq Uni» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ғалымның айтуынша, ішерге ас таппаған қиын-қыстау күндердiң бiрiнде анасы қарындасы екеуін алып келе жатып қасқырларға тап болады. Сонда амалы қалмаған ана ұлын алып, қызын жыртқыштарға қалдырған екен.

Мен 4-те болуым керек, қарындасым 8 айлық кез. Шешеме «ұлды алып қалайын, қызды берейін, басқа амалым жоқ. Әйтпесе үшеумізді де жеп қояды» деген ой келсе керек… Үш қасқыр таласып жатқанда көздері от жанып тұрды. Қараңғы кез еді. Ырылдасып, таласып жатқан кезде шешем мені арқалай ала жөнелді. Кейін қарағанда, тек шашы қалған, басқа түк те жоқ, бәрін жеп қойған. Ашаршылық заманда ондай көп болған. Ол кезде қасқырлар адам жейтін себебі басқа жейтін ештеңе жоқ, мал жоқ. Мені тастаса, етім көп. Бірақ қазақта әулетті сақтау керек деген бар. Сол үшін мені сақтаған ғой анам. Көрмеген нәрсені көріп өстік қой, – дейді ғалым.

Әрине, бұл оқиға бала Мекемтастың есінде қалмаған. Есейген кезде бұл жайтты анасы айтып берген. 1946 жылы анасы төсек тартып қалғанда, жалғыз өзі қараған екен. Өйткені жақындарының бәрі ашаршылықтан аман қалмаған, 1933 жылы көз жұмған. 

АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған