Ресейлік бойжеткен жігіт кейпіне еніп, астананың қыз-келіншектерін алдап соққан

04.08.2023, 18:56
584
Ресейлік бойжеткен жігіт кейпіне еніп, астананың қыз-келіншектерін алдап соққан smartnews.kz

Әлеуметтік желіде 26 жастағы ресейлік бойжеткен жалған профиль ашып, әйелдердің бастарын айналдырып, ақша алып жүргені анықталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Никита есімді жігіт болып танысқан алаяққа 31 жастағы елорда тұрғыны 130 мың теңге аударып жіберген. Алданғанын түсінген әйел полицияға жүгінеді.

Анықталғанындай, ер адамның атын жамылған күдікті романтикалық хат алмасу арқылы әйелдердің сеніміне әбден кіріп алады. Мұнан кейін интимдік сипаттағы фотосуреттерін алып, оларды әлеуметтік желіге саламын деп қорқытады. Сөйтіп, фотосуреттерін таратпауды өтінген бикештерден ақша талап етеді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған, 5 алаяқтық іске қатысы бар Ресей азаматы анықталды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Шетелдік бойжеткен ұсталып, түзеу мекемесіне қамалды.

Осы орайда, Астана қаласының Полиция департаменті желі арқылы танысудан сақ болуға шақырады.

Виртуалды таныстарға шамадан тыс сену қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Оларға жеке ақпаратты жария етпеуіңіз керек және сізге қауіп төндіретін интимдік фотосуреттермен бөліспегеніңіз жөн, - деп ескертеді елордалық полицейлер.
Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды