СҚО-да ит пен мысықты чиптеуге бюджеттен 2,7 млн теңге бөлінген

04.08.2023, 19:49
568
СҚО-да ит пен мысықты чиптеуге бюджеттен 2,7 млн теңге бөлінген smartnews.kz

Солтүстік Қазақстан облысында 1 550 үй жануары есепке алынды, оның 963-і – ит. Жалпы, өңірде иесіз ит-мысықты аулап, стерильдеуге, чип салуға биыл бюджеттен 53,4 млн теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

СҚО ветеринария басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуір айының басынан қаңғыбас ит-мысықты ұрықсыздандыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Осы аралықта иесіз жүрген 135 үй жануары ауланып, есепке алынды, піштіріліп, чип салынды. Алайда, 108-і қайтадан көшеге жіберілді.

«Өңірде былтырдан бері «TANBA» атты үй жануарларын есепке алу ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Оған барлық аудандар мен облыс орталығының ветеринарлық станциясы қосылған. Осы аралықта 1 550 жануар, соның 165-і иесіз, есепке алынды. Соның 963-і – ит, қалғаны – мысық», - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.

Маманның айтуынша, қазіргі уақытта ит-мысыққа чип салдыру жұмысы қызу жүріп жатыр. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 2,7 млн теңге бөлінді.

«Петропавл қаласының ветстанциясы 1 мың чип сатып алды. Аудандар да чип алу үшін мемлекеттік сатып алу жүргізеді. ҚР Әкімшілік кодексіне сәйкес, үй жануарларына чип салу талабын орындамаған тұрғындарға 10 АЕК – 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл бар. Лауазымды тұлғаларға 20 АЕК – 69 мың теңге, заңды тұлғаларға 30 АЕК – 103 мың теңге айыппұл қарастырылған», - дейді Аманжол Нұртазин.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды