1035

Қазақстандық киберполицейлер ресейлік алаяқты қолға түсірді

БҚО-да киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қазақстандық киберполицейлер ресейлік алаяқты қолға түсірді
polisia.kz

29 шілдеде БҚО ДП “CyberPol” қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқты, Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғынын ұстады.

Оның Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.

Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының мәлімдеуінше, күдікті Орал қалалық полиция бөліміне қарасты уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталмақ.