Жазықсыз жұмыстан қуылған атыраулық сотта жеңіп шықты

05.08.2023, 09:52
1783
Жазықсыз жұмыстан қуылған атыраулық сотта жеңіп шықты pexels.com

Еңбек шартын бұзған мекеме жазықсыз жұмыстан қуылған азаматты қайта жұмысқа алатын болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Талап қоюшы Ж.Н. сотқа талап арызбен жүгініп, жауапкер жұмыс беруші ЖШС-нің еңбек шартын бұзу туралы бұйрығын заңсыз деп танып, оның күшін жоюды, өзін бұрынғы жұмысына қайта орналастыруды, лажсыз бос жүрген күндеріне жалақы мен моральдық залал өтемақысын өндіруді сұраған.

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы атыраулықтың жұмысқа қайта орналастыру, бос жүрген күндеріне жалақы өндіріп беру туралы апелляциялық талабын қанағаттандырған. Осылайша сот жұмысқа қайта орналастыру туралы бірінші саты сотының шешімін өзгертті.

Іс бойынша анықталғандай, тараптар арасында еңбек шарты жасақталып, соған сәйкес талап қоюшы бұрғылаушының көмекшісі ретінде жұмысқа қабылданған.

Кейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша Еңбек кодексінің 64-бабының 1-тармағының 4-тармақшасы және 52-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, жұмыскердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмауына байланысты жұмыс беруші мен арызданушы Ж.Н. арасындағы еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығарылған.

«Талап қоюшы 2022 жылғы 10 қазанда жұмыс орнынан тыс жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған, бұл жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға негіз болғаны анықталған. Атырау қалалық сотының шешімімен талап қоюшы Ж.Н-ның ЖШС-не жұмыс берушінің бұйрығын заңсыз деп тану, өзін бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне жалақы мен моральдық залал өтемақысын өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан толық көлемде бас тартылған» деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Апелляцияда іс жұмыс берушінің бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жойып, талап арызды толық көлемде қанағаттандыруды сұраған шағымы бойынша қаралды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды