845

Отандық теннисші Александр Недовесов тағы да АТР 250 финалына шықты

Александр Недовесов АТР 250 турнирінің финалына екінші мәрте жолдама алды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Отандық теннисші Александр Недовесов тағы да АТР 250 финалына шықты
tennis.betbetton.com

Қазақстан теннис Федерациясының мәліметінше Қазақстан құрамының қос разрядтағы көшбасшысы Александр Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар австриялық Китцбюэльде АТР 250 сериясындағы турнир финалына шықты.

Жартылай финалда Қазақстан-Эквадор дуэті Франсишка Кабраль (Португалия) - Рафаэль Матосты (Бразилия) 4:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 29 минутқа созылған. Шешуші жекпе-жектегі олардың қарсыласы кейін анықталады.

Бір апта бұрын Александр Гонсало швед Бастадында АТР 250-ді жеңіп алған болатын. Бұл олардың биылғы жылғы АТР турниріндегі үшінші бірлескен финалы болды.