1084

Шіркеудегі тонау: ақтөбелік азамат қайырымдылық қорабын тонап кетті

Ақтөбелік полицейлер тәулік ішінде шіркеуде болған қайырымдылық қорапшасының ұрлығына қатысты қылмысты ашты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Шіркеудегі тонау: ақтөбелік азамат қайырымдылық қорабын тонап кетті
polisia.kz

Бұған дейін 3 тамыз күні сағат 15:00 шамасында Мәметова көшесіндегі Әулие-Николай соборының шіркеуінде белгісіз адамдар үй-жайға кіріп, қайырымдылық қорабын сындырып, 20 мың теңгеге жуық ақша ұрлап кеткені туралы хабарланған еді.

Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, аумақты тексерді және куәгерлерден жауап алды.

Тәртіп сақшылары шіркеуде орнатылған бейнекамералардың көмегімен тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтап, Мұғалжар ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады, - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.