807

+19 жыл: оппозиционер Навальныйдың жазасын Ресей соты тағы еселетті

Ресей соты оппозиционер Алексей Навальныйды 19 жылға соттады. Кремль сыншысы қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтейді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

+19 жыл: оппозиционер Навальныйдың жазасын Ресей соты тағы еселетті
news.sky.com

BBS News сайтының мәліметінше, Путин режиміне қарсы шығып, жемқорлықпен күрескен азамат Қылмыстық кодекстің алты бабымен айыпталған. Оған "экстремистік қауымдастық құрды әрі қаржыландырды", "экстремизмге шақырды", "Нацизмді ақтады" деген айыптар тағылды. 47 жастағы саясаткер "алаяқтық" бабымен 9 жылдық жазасын өтеп жатқан болатын.

Оның саяси астары бар деген Навальный өзіне тағылған барлық айыпты мойындамады.