Ninety One тобының мүшесі Bala мұрнына ота жасатқан
Ninety One тобындағы Bala мұрнына ота жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Тимур Балымбетовке берген сұқбатында Данияр Құлымша өнер жолындағы ауыр кезеңдердің бірі туралы сырын ақтара келіп, мұрнына жасалған отаға қатысты тоқталып өтті.
— Демалысқа шыққан уақытта мұрныма ота жасаттым. 25 жасыма дейін менде мұрын қалқаны қисық болды, - дейді Данияр Құлымша.
Десе де, Bala-ның айтуынша, ота пластикалық сипатта емес.
— Жоқ, бұл менің кішкентай күнімнен үлкен арманым болған. Өйткені менің мұрнымда мұрын қалқаны қисық болғандықтан тыныс алуға, ән айтуға кедергі келтіретін. Сол ота сәтті өтті. Уақыт өтті, емделдім, - дейді Bala.
Сондай-ақ Данияр қазір өзін жеңіл сезінетінін, бұрынғыдай тыныс алуында ауыртпашылық жоғын жеткізді. Әнші айтуынша, бала кезіндегі төбелестің нәтижесі осы мұрын отасына әкеп соққан.