756

Каспийде сапбордпен ашық теңізге шығып кеткен жасөспірімдер құтқарылды

Каспий жағалауында демалып жүрген жасөспірімдер қауіптен аман қалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Каспийде сапбордпен ашық теңізге шығып кеткен жасөспірімдер құтқарылды
gov.kz

2023 жылғы 5 тамызда Ақтау қаласында "БРИЗ" Яхт-клубы ауданында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2003, 2005, 2004, 2005 жылы туған 2 жігіт пен 2 қызды құтқарды. 

Сапбордта демалу кезінде жас жігіттер қатты желдің салдарынан ашық теңізге кетіп қалған. Нәтижесінде олар өздігінен жағаға шыға алмаған.

Сондай-ақ, сол күні сағат 14:10-да. облыстың мобильді құтқару бекетінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2006 жылы туған азаматты құтқарған. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде шомылып, жағаға шыға алмаған. 

- Медициналық көмек қажет болмады. Құтқару операциясынан кейін құтқарушылар олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді, - деп Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.